Тазалау этаптарының барлығынан өткеннен кейін шарап әр бөтелкеге құйылып тығындалатын құю машинасына қарай жіберіледі. Біз үшін құю машинасына жету шарап жасаудағы қиын тізбектердің логикалық аяқталуы болып табылады. Бұл этапта біз Италияда өндірілген Alfatek SrL компаниясының сағатына 2500 бөтелке шығару мүмкіндігі бар QBS-V ISO 12/12/1/1 үздік машиналарының бірін пайдаланамыз.
Құю машинасы шарапты тек құйып қана қоймайды, шараптың қышқылданбауын алдын алып азот толтырады және ішін мұқият тазалай отырып, бөтелкені дайындайды. Машина мөлшерлегіш күрделі жүйемен жабдықталған және табиғи тығынмен, шампанға арналған тығынмен, бұрандалы тығынмен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.
Құю технологиясы
Бөтелкелер мен тығындардың сапасына, безендіру мен орауыш материалдарға да көп көңіл бөлінеді. Бұлардың барлығын біз Еуропадағы алдыңғы қатарлы өндірушілерден сатып аламыз. Осы арқылы шарапты бағалаушыларға өз құрметімізді көрсетеміз, эстетикалық рахат алу қаншалықты жоғары болса, тұтына білу де соншалықты жоғары мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Бөтелкеде ұзақ уақыт сақтау ешбір ақаусыз атқарылғандығында және біз сатып алатын әлемдегі алдыңғы қатарлы өндіруші - Amorin португалия компаниясының айырықша класты сапалы тығынында екенін білу де маңызды.
Құю машинасы
Қалпақша
Жуу машинасы
Заттаңбалау машинасы
Экстерьер элементтері
Жуылып кептірілгеннен кейін тығыны бекітілген таза бөтелкелер капсула жасау машинасына жіберіледі. Біздің линияда италияндық Robino & Galandrino SpA компаниясының MINIBLOC OTTICO тиімді және өнімді моделі орнатылған.
Бұл машина қалпақшаларды бөліп таратады және термоколоколдың көмегімен бөтелке мойнының айналасына қалпақшаларды қысып тастау процесін жүзеге асырады. Қалпақша бөтелкеге тауарлық ажар береді, және тығынды микроб пен ластанудан сақтайды.
Құйылу және тығындалу сияқты жауапты этаптан кейін шарап құйылған бөтелкелер сыртқы бетін жуу мен кептіру машинасына түседі. Біз италияндық Omar R&G фирмасы ұсынған қазіргі заманғы OPTIMA1-1212 – моделін пайдаланамыз.
OPTIMA1 машинасы 2 функцияны қатар атқарады: әр бөтелкені көзге көрініп тұрған ластан тазартады, содан кейін вакуумды сорғыштардың көмегімен әйнекті құрғатады.
Машинадан шыққан бөтекелер тауар түріне ие болып, құп-құрғақ болып шығады. Енді кезекте олар қалпақшалар кигізіліп, заттаңбалар жапсырылатын этапқа дайын.
Заттаңбалау машинасы біздің шараптардың әр түрін өзгеге өзінше ерекше қылып бөтелкені безендіру процесін аяқтайды. Алдыңғы және артқы заттаңбаны жапсыру үшін италияндық Cavagnino & Gatti SpA өндірген CG80-5-2C-1RPS-SFG машинасын пайдаланымыз.
Машина әр түрлі көлемдегі, әр түрлі қалыптағы бөтелкелермен жұмыс істеуге арналған. Заттаңба дәл түсу үшін машина сенсормен қамтылған. Машина заттаңбаны желімдеп қана қоймай, сонымен қатар әрбір артқы заттаңбаға құйылу уақыты мен партияның сериялық номерін көрсетіп мерзімдейді. Бөтелкенің мойнына салық маркасын қондыру автоматты жүйе қарастырылған.