Климат

Біздің мекеніміз жүзімді тез пісіп кетуден сақтайтын биік тауымен, қарымен, ыстық жазымен, түнгі салқын самалымен, яғни микроклиматтың қолайлылығымен және жер қыртысының қасиеттілігімен ерекшеленеді. Таудың қарлы шыңдары етегінде орналасқан аумақтың ауа-райына мол әсер етеді. Сол себепті өзіндік сипатқа ие фотосинтез бен хош иіс біздің жүзімдіктердің бірегейлігі туралы айтуға мүмкіндік туғызуда.

Ассаның алқаптары

Түрген өзені

Түрген шатқалы

Ауа

Жер қыртысы

Температура

Ассаның алқаптары

Ассаның алқаптары
Алматыдан шығысқа қарай теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте Тянь-Шань тауының ғажайып көрінісімен көмкерілген сұлулығы көрген жанды таңғалдыратын Ассаның кең алқабы жайылып жатыр. Бұл атырапта туған жердің көз тартар сұлулығына қоса, ауа-райының бірегейлігі мен бай минералды жер қыртысы тоғысқан, дәл осындай жердегі кең алқапта қалыптасқан су мен ауа біздің жүзімдіктерге тікелей әсер етеді.

Түрген өзені

Түрген өзені
Түрген өзені Іле Алатауының мұздықтарынан бастау алады. Өзеннің қайнарлары сұлу да, көркем, биік таулы Ассаның кең алқаптарына жиналады. Өзеннің ұзындығы 90 км. 12 километрден кейін арна ағысы солтүстікке бұрылады да тереңдігі 1 км тар шатқалмен ағады. Түрген өзені ғасырлар бойғы минералды тау тұнбаларымен және құм, саз арқылы біздің жерді құнарландырып, өзінің өміршең суымен жүзімдіктерге нәр береді.

Түрген шатқалы

Түрген шатқалы
Түрген шатқалы – мемлекеттік Іле Алатауы табиғи паркінің аймағында орналасқан көрікті жер. Түрген Алматыдан 60 км және Есік қаласынан 12 км жерде орналасқан. Түрген шатқалы өзінің сарқырамасымен, ыстық қайнарларымен, қылқан жапырақты және аралас ормандарымен, биік тау алқабындағы көгалдарымен, биік таулы белдеулерімен, көлімен және бұлақтарымен, емдік шөптер мен жеміс-жидектерімен әйгілі. Шатқал Ассаның кең үстірттерінен 44 км тереңдікке кетеді.

Ауа

Ауа
Асса алқаптарының ауасы біздің жүзімдіктер үшін ең үздік табиғи салқындатқыш болуда. Жаздың ыстық күндерінде түнгі салқын самал жүзім үшін аса қажет, онсыз жүзім құнарлы, әрі хош иісті болмайды. Керісінше уақытынан тез пісіп, бойына қантты шапшаң жинай бастайды. Кешке қарай орасан зор салқын ауа массасы табиғаттың нағыз өміршең қуатымен  біздің жүзімдіктерді сергіте алқапқа қарай жайылады.

Жер қыртысы

Жер қыртысы
Біздің жер қыртысы құрылымы жағынан Бордоның жер қыртысына жақын. Бірнеше ғасырлар бойы біздің жеріміз Түрген өзенінің арнасы болған. Өзендегі тастар мен граниттер суды жоғары-төмен жақсы қозғалтатындықтан тамырлар ерекше өміршеңдікке ие болады. Біздің топырақта жемісті құнарландыруға қажет элементтердің барлығы бар, соның арқасында біз табиғи сапалы жүзім аламыз.

Температура

Температура
Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, жаз уақытындағы күндізгі және түнгі температуралардың барынша айырмашылығы бар аудандарда ең үздік шараптар өндірілетіндігі айқындалған.  Түнгі төменгі температура жүзім шақтарында хош иісті заттар мен хош иістің, түс пен арнайы полифенолдың түзілуіне мүмкіндік береді. Сондықтан да осы көрсеткіштер бойынша әлемдегі үздіктердің бірі - біздің жағдайымыз екендігі мойындалды. 
ASSA VALLEY ALMATY Фильмі
География
Климат
Жүзімдіктер
Кеңесшілер
Марио Фрегони
Enosis
Донато Ланати
Ерекше табиғилық
Өнімді жинау
Шарап өндіру технологиясы
Шарап жерқоймасы
Құю технологиясы
Қорғанның тарихы
Шараптар
Бағалай білушілердің көзқарастары
Шарап жасау ісінің ережесі
Оқиғалар
Біздің шарап орталықтарымыз
ARBA WINE шараптары бар ресторандар
ШАРАПҚА ТАПСЫРЫС
БАЙЛАНЫСТАР