Казахский Русский Английский Французский Итальянский

Шарап өндіру технологиясы

Сапалы шарап өндіру үшін жақсы жабдық талап етіледі. Біз шарап жасау процесінің барлық этаптарының ең үздік үлгілеріне дағдылану жолынан өттік.

Шарап өндірісінің сауыттары

Сыққыштар

Сүзгілер

Сорғылар

Жоғары қысымды сауыттар

Салқындатқыш жүйелер

Шарап өндірісінің сауыттары

Шарап өндірісінің сауыттары

Шарап өндірісінің сауыттары - шырын, шарап құюға арналған тот баспайтын болаттан жасалған техникалық күрделі қондырғы. Шарап өндірісі процесінде  сапасын біртіндеп беру үшін, мұндай сауыттарда белгілі бір температура сақталынған. Шырын мен шарапты үнемі салқындатып отыру үшін оларда «салқындатқыш қабық» пайдаланылады.

Сыққыштар

Сыққыштар

Ақ жүзімдерді сапалы сығу үшін біз қазіргі заманғы Bucher Vaslin пневматикалық сықышын қолданамыз

Сүзгілер

Сүзгілер

Біз өнімдердің сүзгіден өтуіне ерекше көңіл бөлеміз – біздің өнімдер екі қайтара сүзгіден өтеді. Шарап құю машинасының алдында 20 микроннан астам бөлшектерді ұстап қалатын MAC10 Spadoni микросүзгісінен өтеді. Жұмсақ тазалау процесінің арқасында жүзім шайқалмайды және зақымдалмайды.

Сорғылар

Сорғылар

Жүзім шырындарын салқындату процесінен бастап, әбден пісіп қалпына келген шарапты құю сәтіне дейін, сыйымды ыдыстан бөшкеге, бөшкеден сүзгіге құйғанда сорғы пайдаланылады. Бұл ең сапалы техниканы қажет ететін өте жауапты процесс. Біз 10 мың л/с. айдап қотаратын Италияда шығарылған майсыз ағысты CSF A LOBI B215-3200 сорғысын пайдаланамыз. Ағысты сорғы шарапқа өте аз әсер етеді. Сүзгі арқылы шараптың машинаға ағу жылдамдығы сорғыға қосылған сенсордың көмегімен бақыланады. Сорғының корпусы тот баспайтын болаттан дайындалған.

Жоғары қысымды сауыттар

Жоғары қысымды сауыттар

Жоғары қысымды сауыттарды, сол сияқты жоғары технологиялық ферменттелген сыйымды ыдыстарды Донато Ланатидің жобасымен бізге италияндық танымал Gortanі фирмасы жасап шығарады.

Салқындатқыш жүйелер

Салқындатқыш жүйелер

Біздің мамандар үшін маңызды тапсырма өндірістің барлық этаптарында белгілі бір температура режимін сақтау болып табылады. Әр шарап түрі, ақ шарап та, қызыл шарап та өзіндік температураға сай болуы керек.

Шараптарды салқындату үшін шарап құятын темір сыйымды ыдыстардың және емен бөшкелердің корпустарымен бірге монтаждалған, батыста өндірілген бақылағышы бар«чиллер» тоңазтқыш қондырғылары қойылған.

Біз темір сыйымды ыдыстар мен емен бөшкелері бар шарап түзілетін салқындатқыш бөлмелерде автоматты режимде суық та, жылу да бере алатын компрессорларды пайдаланамыз. Бұл жүйелер шараптың бабына келу, бөтелкеде сақтау этаптарында әрекет етеді.Температуралық режим басқару бақылауына жүктелінген.

ASSA VALLEY ALMATY Фильмі
География
Климат
Жүзімдіктер
Кеңесшілер
Марио Фрегони
Enosis
Донато Ланати
Ерекше табиғилық
Өнімді жинау
Шарап өндіру технологиясы
Шарап жерқоймасы
Құю технологиясы
Қорғанның тарихы
Бағалай білушілердің көзқарастары
Шарап жасау ісінің ережесі
Оқиғалар
Біздің шарап орталықтарымыз
ARBA WINE шараптары бар ресторандар
Шараптар
БАЙЛАНЫСТАР
Вина в Алматы (Казахстане)