Казахский Русский Английский Французский Итальянский

Ерекше табиғилық

Біздің терруардың айырықша ерекшелігі – климаттық жағдайдың таңғаларлық үйлесімінде: жүзімдіктерді салқындататын түнгі тау ауасы, жүзім шақтарындағы артық ылғалды кептіретін тау етегіндегі күндізгі баяу жел, топырақты жақсы құрғататын және желдететін қиыршық тас, құм, саз, қорда мен минералға бай жер қыртысы, таза тау суы, салқын қыс және құрғақ жаз бен күз – осылардың барлығы әлемнің негізгі жүзімдіктері орналасқан теңіз жағалауларына жақын аймақтарға тән аурулардан біздің жүзім шақтарын және оның тамырларын қорғайды. Осыған орай, біздің жүзімдіктерді қорғауға еселеп шаралар қолданудың қажеттігі жоқ. Сол себепті, біздің жүзімдіктер ешбір хиямиялық қоспасы жоқ табиғилығымен ерекшеленеді. Бұл біздің әлемде сирек кездесетін бірегей ерекшелігіміз.

Егудің көне әдісі

Ауруға шалдығу қауіпінің төмендігі

Хош иіс пен түстің бай болуы

Жер қыртысының байлығы

Ауа 

Greenhas Italy

Егудің көне әдісі

Егудің көне әдісі

Қазақстанда жүзім шаруашылығының (бұталы) көне әдісі қолданылады, біздің өнімге ерекшелік беретін де дәл осы әдіс.  Себебі, бұл - жүзім шаруашылығындағы механикалық жүйеге түспеген бұталы өсірілетін көне жүзім шаруашылығы болып табылады. Және бұл өте сирек кездесетін жағдай, өйткені, өз тамырымен және бұталы өсірілетін жүзім шаруашылығы әлемде жоқ деуге болады.

Ауруға шалдығу қауіпінің төмендігі

Ауруға шалдығу қауіпінің төмендігі

Жүзім ауруына шалдығу қауіпінің түбегейлі төмен болуы мен зиянкес-бүлдіргіш жәндіктер филлоксера арқылы жұғатын аурулардың болмауы – біздің табиғат жағдайымыздың ерекшелігі болып табылады. Батыстан шығыс, шығыстан батыс бағытына қарай үздіксіз соғатын құрғақ жел  жаңбырдан кейінгі жапырақтардағы артық ылғалды кептіреді де, біздің жүзімдіктерді артық дымқылданудан, шіріп кетуден және т.б. аурудан сақтайды.

Хош иіс пен түстің бай болуы

Хош иіс пен түстің бай болуы

Шараптың сапасы оның молекуласына байланысты. Біздің шараптарымыздағы молекулалар бірі-бірімен үйлесімді және тепе-тең қалыпта. Біздің шараптарымыздың тағы бір айырықша әсер қалдыратын ерекшелігі олардың түсі мен иісінде және дәмінде.  Минералды заттар мен хош иістердің (бензеноид, норизоприноид, терпен молекулалары) құрамы және жемістегі танин мен антициан бойынша біздің жүзім сорттары Еуропа аймағындағы көптеген сорттардан анағұрлым жоғары.

Жер қыртысының байлығы

Жер қыртысының байлығы

Біздің жүзімдіктердің жер қыртысы – асқан бірегейлігімен ерекшеленеді. Ол жоғарғы қабаты аса шұрайлы қиыршық тасты-құмды саздан құралған. Жақсы сусіңгіштіктің арқасында оның жоғарғы қабаты жауынды күндері ұзақ ылғалданбайды. Ылғал бірден тереңге кетеді. Ал, біздің өміршең жүзімдіктер аптап ыстық күндері  тереңге кеткен тамырлары арқылы сол қабаттан нәр алады. 

Ауа 

Ауа 

Біздің жүзімдіктердің ерекшелігі – түнгі уақыттарда жүзімдіктерді салқындатуға негіз болатын таудың болуы, тау етегінде орналасуы. Үдемелі түрде қантқа тез толып кетпес үшін жүзімге түнгі демалыс керек. Сондықтан, миллион гектардан тұратын Ассаның тау етегіндегі кең алқабы – кешкі салқын самалмен тыныстайды. Түрген өзенін бойлай төмен түскен зор массалы салқын ауа біздің жүзімдіктерді түнгі қапырықтан сақтайды.

Greenhas Italy

Greenhas Italy

Greenhas Italy - табақ аппараттар қолдану арқылы өсуді реттеуші және  кешенді ынталандыруды қолдану мен өндіріс өңдеу жөніндегі Еуропадағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Бұл өсімдіктерге нәр беруші биологиялық таза әдіс, біз мұны санаулы мөлшерде ғана  қолданамыз, себебі, біздің жеріміздің өзі  жемістерімізді қажет элементтермен қамтамасыз ете алады. Табақ аппараттар арқылы табиғи биопрепараттарды  қолдана отырып, топыраққа тыңайтқыш салмай -ақ, табиғи, биологиялық таза жүзім аламыз. 

ASSA VALLEY ALMATY Фильмі
География
Климат
Жүзімдіктер
Кеңесшілер
Марио Фрегони
Enosis
Донато Ланати
Ерекше табиғилық
Өнімді жинау
Шарап өндіру технологиясы
Шарап жерқоймасы
Құю технологиясы
Қорғанның тарихы
Бағалай білушілердің көзқарастары
Шарап жасау ісінің ережесі
Оқиғалар
Біздің шарап орталықтарымыз
ARBA WINE шараптары бар ресторандар
Шараптар
БАЙЛАНЫСТАР
Вина в Алматы (Казахстане)