Бағалай білушілердің көзқарастары
Қаракемер аймағындағы жүзім шаруашылығын тау жүзімдіктері деп қарастыруға болады. Біз жоғары сапалы жүзім шаруашылығы туралы айтып тұрмыз, мұндай үлкен, әрі ұластырылмаған аймақ өте сирек, тіпті мен мұны біреу ғана деп айтар едім, сондықтанды бұл жүзімдіктердің болашағы үлкен, себебі бұл тау үлгісіндегі жүзім шаруашылығын көрсетеді. Шынында да, біз халықаралық тау жүзім шаруашылығы орталығын таптық.
Қазақстанда жүзім шаруашылығының өте сирек кездесетін көне (ескі) түрі қолданылады, неге десеңіз әлемде бұталы өсірілетін жүзімдік жоқ. Бұдан да басқа терең қарастыратын, зерттелінетін, әлемдегі бірегей көне әдіспен егу көзқарасы тұрғысынан ЮНЕСКО-ға ұсынатын көптеген ерекшеліктері бар.
Маған қандай шарап ұнайтындығын білгіңіз келсе, дәмін тағы да татып көргім келіп есімнен кетпей жүрген шарапты айтар едім. Саперавидің дәмін татқанда жүрегім жиі қағып кететіндігін жасырмаймын. Оған қосымша Ркацители мен сіздердегі Оксеруаның өзгеше түрін айтар едім.
ARBA WINE компаниясының қожайыны сияқты ақылды, интеллигент адамдармен араласқанда мен өзімді өте жайлы сезінетінімді айта аламын. Әлем нарығын жақсы білетіндігі, беделді орында болғысы келетіндігі және сіздердегі дәстүрлі шарап сорттары арқылы халықаралық жоғары деңгейге жеткісі келетіндігі маған ұнайды.
Біз осы компаниядағы барлық жүзім түрлеріне зерттеулер жасап, сараптамадан өткіздік. Айырықша хош иіске ие бұл жерде нағыз сапалы шарап жасауға мүмкіндік барын айта аламын. Күннің қызуы мен түрлі элементтердің арқасында жүзім қант, хош иіс пен түсті өзіне сіңіріп, ең соңында жерінің зор қуатымен және қанық түсімен, хош иісімен тамаша шарапқа айналады. Қазақтың қара Пиносы орман бүлдіргенінің, таңқурайының, бұталарының өзіндік жұпар иісіне ие, бұл өзгеше хош иіс, сондықтан бұл жерде Бургундия, Орегон, Швейцария мен Альто Адиженің қара Пиноларымен салыстырудың қажеті жоқ. Бұл аймақта сапалы шарап жасау мүмкіндігінің бар екендігіне біз сенімдіміз. Бұл айғақ біздің жұмысымызды жеңілдетпейді, ARBA WINE компаниясы Азия елдеріндегі алдыңғылардың қатарында болып қана қоймай, Еуропа шараптарымен де бәсекелестікке түсуіне кепілдік бар.
Мен өсімдіктерді қорғау құралдары секторында маманданған кәсіпорынның техникалық маманымын. Біздің кәсіпорын жетекші, жүзім-шарап шаруашылығы секторында да маңызды орнымыздың болуы біз үшін мақтаныш. Соңғы жылдары біз техникалық қолдау көрсетудеміз және бүкіл әлем талап еткен халықаралық деңгейдегі өз өнімдерімізді пайдаланудамыз. Зейнолла мырзаның шақырумен бұл жерге келу мен үшін үлкен мәртебе, бүгінгі таңда мынадай керемет жүзімдіктерге билогиялық таза табиғи дәрмектерді қолдану жобасы дайындалуда. Өсімдіктердің жағдайына санитарлық көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл табиғи таза өнім. Бұл жердің өзгешелігі мен климатының ерекшелігі ешқандай ауру туғызушы оқиғаға жол бермей отыр. Бұл жерді жылына бір рет өңдесе жеткілікті. Жылына бір рет минималді әсер ету – кез-келген сипаттағы проблеманы шешеді.