Шараптар сақталынатын бөшкелерді біз француздық және италияндық танымал өндірушілерден сатып аламыз. Біз өз бөшкелеріміз үшін кемінде табиғи жолмен 36 ай кептірілген, түйіршіктілігі ең жоғары, Францияның орталығындағы өте сапалы емен түрлеріне тапсырыс береміз. Таңдаулы қызыл шараптарды ферменттеу үшін, танымал италияндық Garbelotto компаниясынан біз үлкен емен сауыттар сатып алдық.
Шарап жерқоймасы
Жаймен және бірқалыпты шарап ферменттеу процесі үшін бөшкелер температурасы мен ылғалдылығы тұрақты шарап жерқоймасында (селлер) сақталынады. Атап айтсақ, біздің шараптардың максималді сапалы болуы осы шарап жерқоймасына тікелей қатысты сондықтан, сапалы емен бөшкелерді сатып алуға салынған инвестиция өзін толығымен ақтайды. Шарап жерқоймасы сапалы шарап өндірудің маңызды бір бөлігі, ол жанға жайлы тыныштығымен ерекшеленетіндіктен біздің қонақтарымызға бұл жер ұнайды.
Емен бөшкелер
Сақталынатын шараптар
Бөтелкелер жерқоймасы
Бөшкелер сақталынатын селлерде (жерқойма) тұрақты температура мен ылғалдылық қатаң сақталынады, сондықтан шарапты ферменттеудің барлық процесі мен оны бөшкелерде сақтау бірқалыпты, жаймен жүзеге асырылады. Шарап жерқоймасы сапалы шарап өндірудің маңызды бір бөлігі, ол жанға жайлы тыныштығымен ерекшеленеді, сол себептен де біздің қонақтарымызға бұл жер ұнайды.
Сапалы емен бөшкелерсіз ұзақ уақыт сақталынатын "Резерв" класындағы шараптарды алу мүмкін емес.
Құйылып тығындалған шараптарды сақтау үшін арнайы орын бөлдік. Бұл жерде қатал қадағаланатын температурада бабына келген шарап өндіріледі. Жерқойманың көлемі біздің талаптарға толығымен сай келеді - 61,4 кв.м. Шарап жерқоймасында тұрақты температураны ұстап тұру үшін, 3 күнде бір рет бақылап тұратын тиімді климат-бақылау жүйесі қойылған.