Қорғанның тарихы
Біздің ескі жүзімдіктердің ортасында сақ қорғаны бар. 50-ші жылдары қазба жұмыстары жүргізілгенде археологтар тапқан заттардың ішінде түбінде шарап қалдығы қалған көне құмыра – амфора табылған. Дұшпанын шарап толы ыдысқа тұншықтырып өлтірген Тұмар ханым туралы аңыз, алыстағы Грек жері мен Кавказдан шарап толы амфоралар әкелінген Ұлы Жібек жолы, Омар Хайямның шарап туралы рубаяттары - біз үшін жібі үзілмеген мыңжылдықтар тарихы.